Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«ТеңізШеврОйл» кеңейтілсе, ел қазынасына 13 миллиард доллар құйылады

AstanaTV
08.07.2016ж. 20:00
1909
«ТеңізШеврОйл» кеңейтілсе, ел қазынасына 13 миллиард доллар құйылады

«ТеңізШеврОйл» «Теңіз» кен орнын кеңейтсе, ел қазынасына 13 миллиард доллар түсім құйылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Кен орнын кеңейтуге қазақстандық компаниялар тартылмақ. Ол 32 пайызды құрайды деп болжанған. Ал жобаны қаржыландыру құны 37 млрд доллар. Ол кезде 24 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Оның 19 мыңы тек Атырау облысына тиесілі.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

ТШО-ның мәліметтер базасында 1,6 мың қазақстандық компания бар. Олар конкурсқа қатыса алады. Батыс компаниялары туралы айтатын болсақ, біз ТШО-ға қатаң ұсыныс бердік, тек қазақстандық компаниялармен бірлескен мекеме құратын компаниялар ғана шақырылсын деп. Ауыр жұмысты атқаруды бізге де үйрену керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ