Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ауру малдың өлігін өртейтін қондырғылар сатып алынбақ

AstanaTV
08.07.2016ж. 20:00
2725
Ауру малдың өлігін өртейтін қондырғылар сатып алынбақ

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі, мал қорымдарын көбейтпес үшін, ауру малдың өлігін өртейтін қондырғы алу бастамасын көтерді. Қазір елде үш мыңнан астам мал қорымы бар болса, олардың 77 пайызы санитарлық талаптарға сай емес.

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Премьер-министр орынбасары:

Мал қорымдарының санын арттыра бермес үшін, біз мал өліктерін өртейтін құрылғы сатып алуды ұсынамыз. Бізде эпидемияға қарсы республикалық топ бар. Олардың базасында кей аймақта мұндай көліктер бар. Бір көліктің бағасы 65-70 млн теңге. Ол пештерде тек қана сібір жарасымен ауырған малды ғана емес, өзге де қатерлі індетке шалдыққан жануарлардың өлекселерін өртеуге болады. Қазір есептеп көрсек, шамамен 5 млдр теңгеге мал қорымдарын салу керек. Оның орнына малды өртейтін көліктердің 12 данасын алсақ, бар болғаны 816 млн теңге кетеді.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Мен сіздің ұсынысыңызды қолдаймын. Техникалық тұрғыдан дұрыс жасаса, ұсынысыңыз жақсы көрінеді. Барлық органдармен кеңесіп, шешім қабылдап, маған жеткізіңіздер. Шешім қабылдау үшін мерзімі мен жауапты адамдар керек. Ал ескі қорымдар бойынша, бір ай ішінде мүмкіндік тауып, қоршалмағандарын қоршаңдар. 

Үкімет отырысында кәсіпорындардың 9 мың жұмысшыға 1,5 миллиард теңге қарыз екені белгілі болды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қарыз сомасы жыл басынан бері 4 млрд теңгеден асқанын айтты. Алайда тиісті шаралардан соң қарыздың біразы қайтарылған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ