$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Анасын өлтіріп жатқанын көрген бала қорқып, аулада жасырынып қалған

AstanaTV
04.07.2022ж. 20:00
1582
Анасын өлтіріп жатқанын көрген бала қорқып, аулада жасырынып қалған

Павлодарда Тереңкөл ауданына қарасты Береговое ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан екі  адамның мәйіті табылды. Полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан 46 жастағы әйел- сол үйдің иесі. Ал 48 жастағы ер адам әйелмен өзара көңіл жарастырып жүрген жергілікті тұрғын екені анықталған. Сұмдық оқиға кезінде марқұм әйелдің кәмелетке толмаған баласы үйде болған.  Бірақ, ол жасырынып, аман қалыпты. Аталған іске байланысты полиция күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Екі бірдей адамның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Ө. Қуанар