$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы тапталған

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1405
Ақтөбелік прокурорлар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы тапталған

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды шипажайға жібермегені үшін облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері жауапқа тартылады. Бұл туралы аймақтың бас прокуроры Марат Қайбжанов хабарлады. Оның айтуынша, аталған департамент мамандары қолында ауруы туралы медициналық құжаты бола тұра, үшінші топтағы мүгедекке санаторлық ем тағайындамаған. Сол сияқты тағы 33 адамның курорттық емнен тыс қалғаны анықталып отыр. Бұдан бөлек, мамандардың салғырттығы салдарынан 139 мүгедек протез, арба секілді жүріп-тұру құралымен қамтамасыз етілмеген, деді прокурор.

Марат ҚАЙБЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ:

Мүгедектігі бар тұлғалар салық төлеуден босатылғанына қарамастан, 86 азаматтан 1 миллион теңгеден астам мөлшерде  төлемдері ұсталған. Үйде оқитын мүгедек баласы бар 50-ден астам ата-ананың тиісті әлеуметтік жәрдемақы алмаған.  Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және барлық заң бұзушылықтарды жою үшін қадағалау актілері енгізілді.  

Сондай-ақ, КА 168/2 түзету мекемесінде бірқатар заңбұзушылық анықталған.  132 адам жазасын өтеп жүріп, қосымша жұмыс істесе де, яғни, ағаш жонып, тігін тіккенімен,  еңбекпен қамтушы мекемелер үш ай бойы олардың айлығын төлемеген.  Прокурорлардың араласуымен сотталғандар жалақасын алған. Ал еңбек заңнамасын бұзған  «Еңбек-Жайық» мекемесінің филиал басшысы мен бірқатар жеке кәсіпкер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Г. Сейтенова