Ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт көтерілді. Тіпті Алматыда АҚШ валютасын сату бағасы 482 теңгеден асып кетті. Сарапшылар шетел валютасының көтерілуіне Каспий құбыр консорциумының жабылуы мен мұнай бағасының төмендеуі себеп болғандығын айтады. Ұлттық банктің 7 шілдедегі ресми мәліметі бойынша бір доллардың бағамы - 469,26 теңге деп белгіленген. Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 - 480 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал Алматыда оның орташа бағамы -474,5 теңге, сату қүны– 483,5 теңгеге жетті.
Т. Әлжанов