"Елімізде балабақша саны көп. Ол жақта не болып жатқаны белгісіз. Тексеретін мемлекеттік орган жоқ". Бұл "AMANAT" партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Оқу-ағарту Бірінші вице-министрі Шолпан Кариновның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес, мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Балабақшаға төленетін қаражат ата-ананың бақылауында болуы керек дейді.
Шолпан КАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Ваучердің нақты балаға баратын қаражат, оның ата-анасы көріп, тиісті балабақшаны өзі таңдап одан кейін жұмсалатын қаражатты бақылай алатын мүмкіндік жасау, негізгі мақсат осы. Жұмыстың басында туындайтын мәселелерге байланысты біз әлі де балабақшалармен де, тиісті мекемелермен де талқылайтын боламыз.
Жиынға қатысқан "Қара шаңырақ" Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Баян Ахатай да балабақшалардың кез келген жерден лицензиясыз ашыла беретініне көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша, тіпті дәріхана лицензиясыз жұмыс істей алмайды. Бұл жерде баланың тағдырын назарға алу керек дейді.
Баян АХАТАЙ, «ҚАРАШАҢЫРАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бізде көптеген балабақшалар, кез-келген балабақша, кез-келген жерден аша береді. Және оны мемлекеттік орган, немесе құзырлы орган бақыламайды екен. Сонда ар жағындағы балалардың тағдыры не болып жатыр, ал ол ертеңгі күні осы мемлекеттің біздің адам капиталы азаматтары. Бұл бақылау әрине керек. СЭС қызметкерлерімен де сөйлескенде олар бұл фактті растап отыр. Қазір біз тексере алмаймыз, сондықтан мұндай фактілердің орын алғаны бар.
Ә. Дүкембаева