Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елордада ең үздік тауар өндіруші анықталды

AstanaTV
11.07.2022ж. 20:00
1464
Елордада ең үздік тауар өндіруші анықталды

Елордада ең үздік тауар өндіруші анықталды. Дәстүрлі  байқауға қатысу үшін биыл 100-ге жуық компания өтінім берген. Олардың арасынан 9 мекеменің өнімі үздік деп танылып, республикалық «Қазақстанның үздік тауары» сайысына  жолдама алды.  

Айдос Қазыбаев – 2013 жылдан бері техникалық тауарлар өндірумен айналысады. Ол қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерін жарықпен қамтамасыз ететін құрылғы ойлап тапқан.  

Айдос ҚАЗЫБАЕВ, ИНЖЕНЕР:

Бұл біздің ең ірі, ауқымды іс-шарамыз болатын. Ендігі қазіргі уақытта біз тағы да ірі компаниялармен жұмыс жасап, өзіміздің светодиодты өнімдерімізді өткіземіз.

Қатысушылар 3 мыңнан аса тауарды көрмеге қойған. Олардың арасында көпшіліктің сұранысына ие болып, сатылған туындылар да жетерлік.

Бейсен ЖОЛБОЛДИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ.«АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көрмеге 3 мыңнан астам түрлі тауарлар алып келді. Олардың өзі шамамен 250 миллионнан астам тауар әкеліп отыр. Әрине, бұл тек көрме үшін емес. Оны мына халыққа да сатуға мүмкіндік алады.

Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталды. Жүлдегерлерді қала әкімі Алтай Көлгінов   құттықтады.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біздің еліміздегі жасалып жатқан тауарды егер өзіміз қолдап, мемлекет тарапынан қолдап, тұрғындарымыз өзіміздің тауарға  дұрыстап көңіл бөлетін болсақ бәсекелестік арта түседі. Өзіміздің тауар өндірушілер аяққа тұрып, нарыққа шыға алады.

Жеңімпаздар  "Қазақстанның Үздік тауары"  эмблемасымен марапатталды. Сондай-ақ арнайы үйге арналған техникалар  сыйға тартылды.   

А. Задабек