Алматыға жарысқа келген төрт бала ауруханаға түсті. Олар қонақүйді жәндіктерден тазалау барысында уланып қалған. Павлодар облысынан келген 17 жеткіншек бас айналу, жүрек айну мен әлсіздікке шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың қасында бапкерлері болған. Тексеру нәтижесінде балалардың жәндіктерге қарсы дәрі-дәрмектен уланып қалғаны анықталып, 4-уі ауруханаға жатқызылды. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер.
Алуа ЖЕКСЕНОВА, АЛМАТЫ қ. БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл ингалляциондық ауру болып саналады. Және шашқан кезде барлық ауадан жеңіл заттың бәрі жоғарыға көтеріледі. Емнің нәтижесі бар. Алдағы күндері шығарамыз деп жоспарлап отырмыз.
Бұл жағдай Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан қонақ үйде болған. Қонақ үй басшылығы бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.
М. Жақан