Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қ.Тоқаевтың денсаулық саласына көңілі толмайды

AstanaTV
14.07.2022ж. 20:00
1282
Қ.Тоқаевтың денсаулық саласына көңілі толмайды

Денсаулық сақтау саласында  мәселе көп. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында медицинаның  мешел тұстарына тоқталып,түйткілді тез арада шешуді тапсырды. Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен,   қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмай отыр, деді Президент. Соңғы күндері  коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Бүгін жұқпалы індетке шалдыққан  бір науқас қайтыс болды.  Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейтуді, сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандыруды тапсырды. Және жұмысты жүргізу барысында ешқандай асыра сілтеу болмау керектігін, шағын және орта бизнестің мүддесін ескеру қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Келесі өзекті мәселе – денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Бұл жұмыс  өте баяу жүріп жатыр. Жалпы, цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ. Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал, мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек.


Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі  ана мен бала өлімі  туралы  да сөз қозғады.  Перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бергенін, бірақ аудит деңгейінде тоқтап қалғанын айтты. Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет деді. Бұл орайда  Қостанай облыстық ауруханасының өкілдері аймақта акушер,гинеколог мамандардың жетіспеушілігі  бар екенін айтады.
 
Иван ЯНЦЕН, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Жүктілікті қадағалау, емдеу, жас нәрестенің асқынған ауруларын емдеу шаралары дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сай жүргізіліп келеді.Ал перинаталдық қызметтің проблемасына тоқталар болсақ.Ең негізгі мәселе- кадр ташылығы. Әсіресе аудандарда жетіспейді.Тіпті кей ауданда акушер-гинеколог маман мүлдем жоқ.

З. Санай