$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Президент сынына іліккен Үкімет жұмысына халықтың пікірі

AstanaTV
15.07.2022ж. 20:00
1643
Президент сынына іліккен Үкімет жұмысына халықтың пікірі

Инфляцияны тізгіндей алмаған Үкіметті күні кеше Президент сынға алды. Бірқатарына сөгіс жариялады, ескерту жасады. Бұқара Президенттің Үкіметке шүйлігуі орынды деп санайды. Дегенмен тек отандық тауарларды тұтыну тағырықтан шығар жолдың бір парасы деген пікірде. Ортадағы алып-сатарларды да жүгендейтін уақыт жетті дейді жұрт.  

БЛИЦ:

- Үкімет өздері де біліп тұрған болар,  бірақ қолынан келетін істері аз ғой. Неге десеңіз мына алыпсатарлар барлығын  өздері жинап, халыққа соны қымбатқа беріп жатыр. Әлеуметтік дүкендер, соларды көбейту керек.

- Нарықтағы тауарлардың өсуі, негізі ол екі мәселеге байланысты деп ойлаймын. Орысша айтқанда мына перекупщиктер дейді ғой, делдал адамдарға байланысты ма. Содан кейін екіншісі, ең бастысы деп айтуға болады. Инфляцияға байланысты.

- Бағаны төмендету үшін бәсекелестік орта туғызу қажет ету керек. Импорттан әкелмеу керек. Тек қазақстандық тауарды пайдалану керек.


А. Шамшидин