Алматыда «TARTYL FEST» республикалық спорт фестивалі өтті. Оған қатысушылардың жасы әр түрлі. Салауатты өмір салтын ұстанып, жарыста бағын сынап көруге бел буған әуесқой-спортшылардың бірі – 69 жастағы Роман Балтабаев. Ол белтемірге 10 рет тартылып, «Жас ұрпаққа үлгі» марапатын иеленді.
Роман БАЛТАБАЕВ, ФЕСТИВАЛЬҒА ҚАТЫСУШЫ:
Жастарға риза болдым мен бүгін. Шеті жоқ, кейбіреулері тіркеліп үлгере алмай қалды. Мыңдап келіп жатыр. Денсаулық түзетуге бұл үлкен жақсы шара ғой.
Шараның ұйымдастырушысы- Президент жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры. Бастамаға қала әкімдігі де атсалысты. 1-ші орынға -200 000 теңге, 2-ші орынға - 100 000, ал 3-ші орынға ие болғандарға 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық қарастырылған.
Нұрлан ҚОЯНБАЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Неге біз осы турниктен бастадық – бұл үлкен бұқаралық спорт. Жалпы, осы бұқаралық спортты насихаттау үшін және бұл көше спорты болған соң, оған дайындалу үшін ешқандай қиындық жоқ. Бұл тек қана жарыс емес, бір орта жасау керек. Сондай бір мереке жасауға тырысып жатырмыз.
Аталмыш шара бұған дейін Қонаев және Талдықорған қалаларында өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль қыркүйек айына дейін еліміздің барлық өңірде жалғасады. Ал жеңімпаздар Елордада өтетін Гранд-финалға қатысады.
М. Жақан