$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"AMANAT" партиясы мүмкіндігі шектеулі 39 адамды жұмысқа орналастырды

AstanaTV
20.07.2022ж. 20:00
1259
"AMANAT" партиясы мүмкіндігі шектеулі 39 адамды жұмысқа орналастырды

"AMANAT" партиясы мүмкіндігі шектеулі отыз тоғыз адамды  жұмысқа орналастырды. Солардың бірі - Виктор Лизогубов. Инфаркттан кейін мүгедектік алған ол ауыр жұмысқа жарамайды. Бірақ, күнкөріс керек. Осы орайда Викторға  аманаттықтар көмек көрсетіп, оны  «Алматы Су» бастауыш партия ұйымына жұмысқа тұрғызды. Бұл  "Кедергісіз келешек" жобасы аясында жүзеге асырылған.

Виктор ЛИЗОГУБОВ, «АЛМАТЫ СУ» МКМ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ауысымды сәтті өткіздім. Мен өз жұмысымды жақсы білемін. Басшылық, инженер қоңырау шалып, нұсқаулар береді. "Алматы Су" ұйымына көп рақмет! Олар мені сырқатыммен жалғыз қалдырмай, жұмыс ұсынды.  

Ақбота ЖЫЛЫСОВА, "АЛМАТЫ СУ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біздің жұмыс істеп отырған жұмысшларымыз әр ауданда орналасқан. Сорғы станциялары бар, сонымен қатар, күзет қызметінде, бақылаушы, су таратушы қызметін де атқарады.

М. Жақан