$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі және қызметтен «шығу» тәртібі жеңілдемек

AstanaTV
22.07.2022ж. 20:00
1498
Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі және қызметтен «шығу» тәртібі жеңілдемек

Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі және қызметтен «шығу» тәртібі едәуір жеңілдемек. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жартыжылдық қорытынды жиынында айтылды. Бұл процестер ашық әрі цифрландыру арқылы жүргізіледі.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді тоқсан сайын бағалау жоспарлануда.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұрын 2 жыл тиімді бағалаудан өткен қызметшілер жоғарылайтын болса, қазіргі кезде біз оны 4 тоқсандыққа түсіріп жатырмыз. 360 градуста яғни басшысы, қарамағындағы және өз әріптесі бағалайды. Жақсы нәтиже алған тиімді мемлекетті қызметшіні жоғары лауазымға меритократия қағидасымен конкурстық іріктеусіз тағайындай береді. Бұл да бір мемқызметшілерге, жақсы мамандарға беріліп отырған мүмкіндіктер.

К. Мерей