Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы әуежайында оқ атылды

AstanaTV
26.07.2022ж. 20:00
1287
Алматы әуежайында оқ атылды

Алматы  әуежайында оқ атылды.  Мас күйдегі үш ер адам автотұрақта төбелесіп, оларды тәртіпке шақырған полицейлерге бағынбаған.  Біреуі   шыны бөтелкені сындырып, ұрмақ болған. Амалсыздан, полицейлер ескерту ретінде аспанға  оқ атқан. Төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар - Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екені анықталды. Екеуі адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотты болған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыскерлердің әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі – бұзақылықпен сараланған. Олар қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз.

М. Жақан