$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Алматы жылу жүйесі» 2 жылдан бері негізсіз жинаған 435 млн теңгені тұтынушыларға қайтармақшы

AstanaTV
13.07.2016ж. 20:00
2474
«Алматы жылу жүйесі» 2 жылдан бері негізсіз жинаған 435 млн теңгені тұтынушыларға қайтармақшы

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС екі жылдан бері қазынасына 435 млн теңге көлемінде негізсіз кіріс келтірген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы қалалық департаментінің өкілдері айтты. Тексеріс кезінде «Алматы жылу жүйесі» тұрғындардан артық ақша жинағаны белгілі болды. Енді тұтынушыларға қарыздарын тарифті төмендету арқылы есептеспек.

Бауыржан Қайырбек, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы қалалық департаменті басшысының орынбасары:

«Алматы жылу жүйесінің» соңғы 3 жылдан бері бірқатар олқылықтарға жол бергенін анықтадық. Атап айтқанда, табиғи монополиялар және реттелетін тауар нарығы туралы заң талаптары өрескел бұзылған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Ал тұрғындар қарызымен есептесулері тиіс. 

Айгүл ЕРМАХАН