Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сот Ермегияев қорғаушысының өтінішін қанағаттандырмады

AstanaTV
13.04.2016ж. 20:00
1330
Сот Ермегияев қорғаушысының өтінішін қанағаттандырмады

«Экспо» ісіне қатысты айыпталушылардың бірі Алпысбек Тілекметов көрменің экс-басшысына 2,4 млрд теңге көлемінде пара бергенін айтты. «АДС Компаниясы» ЖШС-нің президент кеңесшісі бүгін сот алдында жауап берген еді.

Атышулы істі қарау кезінде «ЭКСПО» ҰК АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияевтың жаңа қорғаушысы сот отырысын кейінге шегеруді сұрады. Данияр Канафин іс материалдарымен танысу үшін қосымша уақыт керек деп отыр.  Айтуынша, Ермегияевты қорғайтын 3 адвокат апта басынан сот залын босатқан емес. Сондықтан іс барысын өзара талқыға салу мүмкін болмай отыр, дейді. Алайда, судья Әділхан Шайхисламов бұл өтіншіті қанағаттандырмады. Айта өтейік, осы аптадан бастап Талғат Ермегияевтың құқығын 3 адвокат қорғайтын болды.

Не только вы его защищаете, его защищают еще два адвоката. Можете какие-то документы у них взять. Они с этими документами имели возможность ознакомиться. Если у них нет, можете сюда прийти в суд и тут ознакомиться.

Еске салайық, істің бас фигуранты 4,2 млрд теңге мемлекет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Ермегияевтың өзі кінәсін мойындаған жоқ. Айыпталушылар орнында бас-аяғы 23 адам.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА