Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда кәсіпкерді пышақтап өлтірген күдіктілер ұсталды

AstanaTV
08.08.2022ж. 20:00
1306
Оралда кәсіпкерді пышақтап өлтірген күдіктілер ұсталды

Оралда белгілі кәсіпкерді пышақтап өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер - 21 және 31 жаста. Полицияны көре сала тұра қашқан оларды сақшылар көп ұзамай қолға түсірді.
 
Жанболат ЖАНШИН, БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тергеуде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес қайта сараланды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделеді. Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
 
Кәсіпкерді өз кафесінде қан-жоса ғып пышақтап кеткен қылмыскерлерді іздестіруге Ұлттық ұлан  жұмылдырылған.  Полиция олардың бостандықта жүргені туралы суыт хабарды көршілес облыстар мен Ресей Федерациясына да жіберген. Бірақ күдіктілер қала іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылды. Олар марқұмды  бірнеше рет пышақтаған. Терезеден қашып шықса да, артынан қуып жетіп, тағы пышақ сұққан. Кейін өздері із суытқан. Тәртіп сақшылары күдіктілердің теріс діни ағымға қатысы жоқ деп  отыр. Олардың кәсіпкерді не үшін өлтіргені белгісіз.

Е. Карин