Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда белгісіз жағдайда көз жұмған әйел мен оның екі баласы кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін

AstanaTV
08.08.2022ж. 20:00
894
Алматыда белгісіз жағдайда көз жұмған әйел мен оның екі баласы кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін

Алматыдағы пәтерлердің бірінен мәйіті табылған 34 жастағы әйел мен оның екі баласы кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін.  Қалалық прокуратура, олардың денесінде  зорлық-зомбылық іздері болғанын анықтаған.  

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Марқұм 34 жастағы әйел мен оның 2015-ші және 2020-шы жылы туған балаларының денесінде зорлық белгілері табылды. Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, оның аясында тергеу және жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Анасы мен балалардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал қайғылы оқиға болған пәтер қазір жабық тұр. Есік мөрленген.  Көршілері болған жағдайдан ес жия алар емес.
 
Айнұр САРБАСОВА, КӨРШІСІ:

Естігенде аң-таң болдық. Әйелді сырттай білетінмін. Оқыс қылығын көрмедім. Екі баласы да осы жерде ойнап жүретін. Жолдасы келгенде пәтердің есігі іштен кілттеніп тұрған. Бұзып ашып, мәйіттерді көрген.

Ә. Лесбек