Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбылдағы жарылыс кезінде әскери бөлім командирінің міндетін атқарған А.Бақытжанов әділдік іздеп жүр

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
1165
Жамбылдағы жарылыс кезінде әскери бөлім командирінің міндетін атқарған А.Бақытжанов әділдік іздеп жүр

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде әскери бөлім командирінің міндетін атқарған Аслан Бақытжанов әділдік іздеп жүр.    28/349 әскери бөлімінде уақытша жетекшілік еткен оның үстінен бірнеше бап бойынша іс қозғалған.  Айтуынша, жарылыс кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Кейін тергеуге тартылып, куәгер болған, бірақ соңында күдіктіге айналған көрінеді. Енді ол тірі қалғаным үшін жазықтымын ба деп күйінеді. Жарылысқа дейін әскери бөлім техникалық талаптарға сай еместігін айтып 8 мәрте жоғары жаққа хат жолдағанын айтады.

Аслан БАҚЫТЖАНОВ:

Мен ол әскери бөлімде отырып түк істемесем, проблемаларды біле отырып ешқайда жазбасам, көрмесем онда болады кінәлауға. Мен оның бәрін жарылысқа дейін алдын ала жазып отырдық. Болмағаннан кейін әскери прокуратураға дейін жаздық. Неге соның бәрі орындалмайды.

Аслан Бақытжанов біраз мәселені көтерген көрінеді. Осылай сергелдеңде жүргенім соның кесірі ме дейді. Құзырлылардан тергеудің әділ жүргізілуін сұрайды.

Еркін ҚОЖАХМЕТ, ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРОРДЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Іс бойынша тіркелгеннен бастап, әрбір тұлға соның ішінде Бақытжанов та басында куә ретінде жауап алынған. Кейіннен жиналған жауаптарына қатысты, деректеріне байланысты Бақытжанов куә тарапынан күдікті болып танылып отыр. Қылмыстық процестік кодексте көрсетілген тәртіппен осы қылмыстық қудалау органдарының қабылдаған шешімдеріне қатысты оның шағым келтіру құқығы әлі бар екенін түсіндіремін.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты басқа  ақпараттар жария етілмейді дейді жауаптылар.  

Б. Жұмабайұлы