Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елордада «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтіп жатыр

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
1605
Елордада «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтіп жатыр

Әлемнің ең мықты цирк жұлдыздары Елорда сахнасына жиналды. Нұр-Сұлтан қаласында «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтіп жатыр. Он үшінші рет ұйымдастырылған шарада 13 елден келген 86 цирк әртісі өнер көрсетеді.

Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ, «АСТАНАЛЫҚ ЦИРК» МКҚК БАС ДИРЕКТОРЫ:


Осы фестиваль арқылы біздің бүкіл астанамыз, жалпы Қазақстан әлемге танымал болды. Қаншама елден келіп, қаншама елден бізді көріп, таңқалып, біздің әртістеріміз осы мүмкіндікті пайдаланып, шетелге шығып жатыр.

Биылғы фестивальдің ерекшелігі – қойылымда жануарлар болмайды. Шараға тек акрабаттар, әуе гимнасттары мен сайқымазақтар қатысады.   

Питер ФЕКЕТЕ, ЦИРК ӨНЕРІ ЖӘНЕ БУДАПЕШТ ҚАЛАЛЫҚ ЦИРКІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Венгриядан бір ғана нөмер қатысып жатыр. Қатысушы әртіс өз мансабын енді ғана бастап келе жатқан жас қыз. Ол үшін бұл шара үлкен мүмкіндік. Осы арқылы тәжірибе жинақтап, белестерге жетеді деген үміттеміз.


Фестивальға елімізден Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының цирк  жұлдыздары қатысады.

Сұлтан СРАИЛОВ, "ШЫМКЕНТ - ЦИРК" МКҚК КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:


Қалықтап ұшатын қыздар, епті жігіттер, сальто жасайтын, аттың құлағында ойнайтын жігіттердің барлығы біздің ұлттық тәрбиеміздің басы деп айтуға болады.  


Әлемнің түкпір-түкпірінен келген цирк әртістері көрерменге ең үздік нөмірлерді ұсынамыз дейді. Таланттардың өнерін цирк индустриясының қайраткерлері бағалайды.

А. Задабек