Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

AstanaTV
12.08.2022ж. 20:00
5612
Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Мешіттің жалпы сыйымдылығы – 235 000 адам. Республикалық Бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді. Жаңа имандылық үйі  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылда салынған.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Мешіттің жалпы аумағы- 68 мың шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі- 83метр. Мешітті айнала төрт мұнара тұрғызылған. Оның биіктігі 130метр. Мұнаралардың әр қайсысы 5 бөліктен тұрады. Ол исламның 5 діңгегін білдіреді. Ал сол қанаттағы мұнара “Туристік мұнар” деп аталады. Оған тұрғындар мен қала қонақтары лифт арқылы мініп, елорданы биіктен тамашалауға мүмкіндік ала-алады.

Мешіттің ішкі сәулеті көз тартады. Қазақы ою-өрнекпен көмкеріліп, қабырғаларға құран сүрелері жазылған.  Діни басқарма өкілдері бас мешіт туристердің де қызығушылығын туғызатын орын болады дейді.  Өйткені зәулім ғимараттың  ерекшелігі көп.

Хасан АМАНҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Африкада өсетін ирока деген қатты ағаш бар екен. Міне сол ағаштан қолмен жасалынған. Биіктігі- 12 метр 40сантиметр. Бұлда Геннис кітабына енген. Биік есіктердің бірі болып саналады. Мынау енді люстраға келетін болсақ,бұл да үлкен люстра болып саналады.Диаметрі- 27м, салмағы- 20тонна.

Мешіттің ашылу рәсіміне  көрші мемлекеттердің дін өкілдері мен мешіт ұстаздары да келді. Бүгін қасиетті жұма күні алғашы жұма намазы оқылды.

Б. Сатуов