$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда балаларын мектепке дайындай алмай отырған отбасылар бар

AstanaTV
15.08.2022ж. 20:00
1381
Атырауда балаларын мектепке дайындай алмай отырған отбасылар бар

Оқу жылына екі апта ғана уақыт қалса да, Атырауда балаларын мектепке  дайындай алмай отырған отбасылар бар.  Олар киім-кешек түгілі, дәптер мен қалам алуға қауқарсызбыз,- дейді. Аймақта  жаңа оқу жылы қарсаңында бір реттік атаулы көмек берілетін  9 мың оқушының тізімі жасақталған. Одан өзге де әлеуметтік осал отбасының балалары  көмекке мұқтаж.  Өңірден -Базаргүл Нәдірқызы.

Жүзін де, есімін де жасырған көпбалалы, жалғызбасты ананың 4 баласы бар.   Үлкені 3-сыныпқа барады. Ол екі жыл бойы бір киімді киіп шыққан. Кейінгісі мектепалды даярлыққа баруы керек. Шиеттей бала-шағамен  пәтер жалдап  отырған отбасы оларды мектепке дайындай алмай отырған кқрінеді.

КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Уже екі апта қалды ғой мектепке де. Ештеңеге дайын емеспіз. Ештеңе алған жоқпыз. Менің ақшам болмай тұр оған алып беретін. Киді ғой екі жыл алған жоқпыз, 3 оқитында сыймайды формасы.

Үкімет мектеп формасы мен оқу құралдарының бағасын ұстап тұру бойынша  шұғыл шара қабылдағанын хабарлады. Премьер министр отандық  ірі тігін цехтарымен келіссөз жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құзырлылар  ірі сауда орталықтарында мектепке керек-жарақ  бағасын бақыламақ. Алайда сауда орындарында қазақстандық тауар көрінбейді. Керісінше импорт толы. Сатушылар  былтырғыға қарағанда  киімнің 20-30 процентке қымбаттағанын айтады.   

Ұлболсын ДЮ, КӘСІПКЕР:

Өйткені біз бәрібір доллардың курсына бағыныштымыз. Әрі сапасына сай баға қоямыз. Біз  киімдерді  өзге елдерден аламыз. Мен көрген қазақстандық тауарлар мүмкін арзандау шығар, бірақ сапасы сәл де болса төмен. Бағасын қанша төмен ұстағымыз келсе де болмай жатады.

Аймақтағы білім беру басқармасы  тапқаны тамақтан артылмайтын осал топтағы отбасылардың тізімін жасақтаған. Атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұялардан  9 мың балаға 38 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беріледі. Ал ата-ана ақшаның мақсатты жұмсалғанын дәлелдеуі керек.

Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Атаулы көмек алатын отбасы балаларына ертеңгі күні ата-анасының карта есебіне қаражат түскеннен кейін баласын киіндірген орнынан  15 күні ішінде чектерін және фотоесебін беруді ертеңгі күні құзырлы органдарға есеп беретіндіктен жинақтаймыз. Осыған дейін тізім бойынша ұтып алған мердігерлер киім-кешектерін әкеп беріп жатыр оны да балалдарға беріп жатыр.


Мұнан басқа да демеушілер есебінен   500-ге жуық оқушыға  көмек көрсетілген. Аймақтың бас ұстазы бірде бір бала назардан тыс қалмайды дейді.  

Б. Надірқызы