$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясында өңірлердегі жемқорлық мәселесі қаралды

AstanaTV
24.08.2022ж. 20:00
1385
«AMANAT» партиясында өңірлердегі жемқорлық мәселесі қаралды

Елордада AMANAT партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда ел ішіндегі жағдай, мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзушылықтары талқыланды. Кеңес төрағасы Ерлан Саиров атап өткендей, отырыстың мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтарымыздың әлеуметтік стандарттарын жетілдіру.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Инфляция деңгейі өте жоғары, халық кедейленуде, жанар-жағармайдың бағасы шарықтап кеткен, солярка бүгінгі таңда литры 450 теңгеге жетті. Қарапайым шаруа қалай күнелтпек? Бұл мәселені біз Мәжілісте жан-жақты қарайтын боламыз. Сонымен бірге біз өткендегі ығайлар мен сығайлардың жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуымыз қажет.

Кеңес мүшесі Бауыржан Серікбаевтың айтуынша, партия алдында халық үшін қолайлы жағдайларды қалпына келтіру бойынша күрделі міндеттер тұр. Осы себепті жұмыс тобы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына барып, елеулі заң бұзушылықтарды анықтаған. Өңірлердегі сыбайлас жемқорлық фактілерінің негізгі бөлігін облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар жасайды. Бюджет қаражатын игеру, Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының мемлекеттік рұқсат беру функцияларын іске асыруы кезінде жол берген.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда Жаңа Қазақстанға деген халықтың сенімі мен үміті басым. Қоғамда әлеуметтік әділеттікке деген сұраныс жоғары. Ал осы халықтың сеніме селтеу түсіретін факторлардың бірі жемқорлық екені бәрімізге белгілі.

А. Базарбай