Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Теңіз кен алаңында жұмысшының мәйіті табылды

AstanaTV
25.08.2022ж. 20:00
1515
Теңіз кен алаңында жұмысшының мәйіті табылды

Теңіз кен алаңында жұмысшының мәйіті табылды. Оның өліміне өндірістік жарақат себеп болды ма? Мұны енді құқық қорғау органдары анықтамақ. Оқиға Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі құрылыс алаңында болған. Қазір мұндағы құрылыс жұмыстары уақытша тоқтапты. Жауапты мекеменің дерегіне сенсек, бұл оқыс жағдай. Құбырға сынақтар жүргізіп жатқан мезгілде бірі жүктемеге төтеп бере алмай жұмысшыға соғылған. 51 жастағы сынақ технигі оқиға орнында қаза тапты дейді. Жұмыс барысында қауіпсіздік талаптары сақталды ма, жоқ па – еңбек инспекциясы тексермек. Өндірісте қаза тапқан атыраулық азамат аталған компанияда бар жоғы 1 жылдан астам еңбек еткен көрінеді.

Бақтияр ХАЛМАТОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Бұл оқыстан болды. Теңіз кенішінде үлкен тәжіриесі бар маман болатын. Құбырға герметикалық сынақ жүргізіп жатқан болатын. Шлангінің бірі жүктемені көтере алмай жұмысшыға соғылды. Жерлеу рәсімдерінің шығындарын көтереміз. Өтемақы төлеумен компания басшылығы айналысып жатыр.

Б. Надірқызы