Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда сот орындаушыларына сөгіс жарияланды

AstanaTV
25.08.2022ж. 20:00
1483
Қызылжарда сот орындаушыларына сөгіс жарияланды

Қызылжарда сот орындаушыларына жаппай сөгіс жарияланды. Облыстық прокуратураның мұндай шара қабылдауына, алиментті өндіруде құзырлылардың сағырттық танытқаны себеп болған. Аймақта бүгінде балалары алдындағы алимент қаразы 300 миллион теңгеден асады. Міндетінен жалтарып жүргендер де 300-ге жуықтайды екен. Олардың басым бөлігі ішімдікке салынған деп отыр. Алайда, прокурорлар сот орындаушыларының жұмысына көңілі толмайды, қызметіне жауапсыз қарағандарға жаза тағайындапты.

Марат ҚАЗИЕВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыста 9 мың 200 балаға алимент тағайындалған. Өз міндетін уақытында орындап жүргендерде баршылық. Алайда, жауапсыз ата-аналарда аз емес. Қазір 55 адам іздеуде. Сот орындаушылары өз жұмысын тиісті деңгейде орындамай жатыр. Сондықтан 69 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құзырлылар атаған кемшіліктермен сот орындаушылары келісіп отыр. Бұдан былай олар алименттен жалтарып жүргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартатындарын айтады.

Асан МАДКЕРІМОВ, СҚО ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді алимент төлемей жүрген борышкерлерге біз міндетті түрде барлығына қылмыстық жауапқа тарту бойынша мәселесін қарап, оны полиция департаментіне ұсыныс енгіземіз. Олар өз тарапынан барлық тергеу амалдарын жүргізіп, барлық борышкерлерді сотқа қарау үшін жіберіледі. Енді ұзақ уақыттан бері алимент төлемей жүрген борышкерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Құрманкин