Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыдағы дәретханалардың бірінен жаңа туған шарана табылды

AstanaTV
25.08.2022ж. 20:00
1332
Алматыдағы дәретханалардың бірінен жаңа туған шарана табылды

Алматыда дәретхана шұңқырынан жаңа туылған нәресте табылды. Абырой болғанда, шақалақ тірі.

Нәресте қаладағы жер үйлердің бірінің дәретханасынан табылды. Оларға кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы қоңырау келіп түскен. Жедел жетіп тінту кезінде бойжеткеннің дәретханаға түсік тастағанын анықтапты.

Нұржан ШАТУНОВ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ПБ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты. Біз дәретхананың еденінен тақталарды тез алып тастадық. Әріптесім төмен түсіп, баланы қызметтік көйлегіне орап, абайлап шығарып алды. Сол кезде нәресте жылады. Баланы тез арада дәрігерлерге тапсырдық.

Шарана қазір ауруханаға жатқызылған. Жағдайы тым ауыр көрінеді. Ал анасының жағдайы орташа ауырлықта дейді. Полицейлер бойжеткеннің анасы қызының жүкті екенін білмегенін айтыпты. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Ә. Лесбек