$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік органдардың жүйесіз жұмысы дизель тапшылығын тудырды, - "AMANAT" партиясы

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1586
Мемлекеттік органдардың жүйесіз жұмысы дизель тапшылығын тудырды, - "AMANAT" партиясы

Мемлекеттік органдардың жүйесіз жұмысы дизель тапшылығын тудырды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Кеңес төрағасы, депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша, өңірлерде дизель тапшылығы байқалады. Қазір жанар-жағармай бағасын бақылау үшін партиядан 216 мониторингтік топ жұмыс істеуде деді. Алайда кеңес мүшелері елдегі отын дағдарысына жол берген жауапты ведомства жұмысын сынға алды.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Елдегі дизель отынының бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтанда шетелдіктер үшін Қазақстанда жанар-жағар май құю тиімді. Демек біз көрші мемлекеттің тасымалдаушылары үшін жағдай жасап, оларды біз жанама түрде субсидияладық. Баға қазір елдегілер үшін 230-260 теңге, шетелдіктер үшін 450 теңге. Бұл жанар-жағармай бекеттеріндегі тапшылыққа себеп болып отыр. Өйткені оларға қымбатқа сақтан әлдеқайда жақсы. Оған бақылау қайда?

Мәселеге жауапты министр, тапшылықты сұраныстың артуымен түсіндірді. Алайда министр тапшылық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кедергі болмайды деп сендірді. Ол жанар-жағармай үздіксіз жеткізеткізіліп, мәселе жақын күндері шешілетінін айтты.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Тиеп-жөнелту бағасы литріне 177 теңгеге белгіленді. Бірақ жеткізуді ескере отырып, жергілікті жерлерде литріне 203 теңге бағасы шығады. Жөнелту және жеткізу мәселесі бақылауда тұр. Біз өз сайтымызда өңірлік өкілдердің байланыстарын жарияладық және проблемалар туындаған жағдайда кез келген ауыл шаруашылығы өндірушісі оларға жүгіне алады. Ол үшін біз штаб құрдық, жанармай бекеттеріндегі тапшылық бірнеше күн ішінде жойылады.

Б. Сатуов