Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы Президент Жолдауын қолдайды

AstanaTV
01.09.2022ж. 20:00
1460
«AMANAT» партиясы Президент Жолдауын қолдайды

Жолдау - бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған «Аманат» партиясының актив отырысында партия төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Ол қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті. Білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінуде, барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы қайта қаралуда, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылуда. «AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайтындарын жеткізді.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Елдегі әлеуметтік реформаларды қамтитын кешенді құжат. «Аманат» партиясы Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауын толық қолдайды және Президенттің қоғамдық тірек ретінде оны жүзеге асыруға атсалысатын болады. Біз бүкіл қоғамды осы игілікті іске жұмылдырып, Мемлекет басшының маңайына топтасуға шақырамыз. Біздің болашағымыз бір, тағдырымыз ортақ, ол Жаңа Әділетті Қазақстанды құру.


Аманаттықтар Мемлекет басшысы өз Жолдауында су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару секілді ең өзекті мәселелерді көтергеніне тоқталды. Сондықтан Президенттің бағытын толық қолдап, жүзеге асыруға атсалыспақ.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Президент сайлауы алдымыздағы үлкен белес. Одан кейінгі Парламент сайлауында жеңген басқа партиялар өкілдерінің Үкіметке кіретіндіктері айтылды. Негізгі азаматтық қоғамның тірегі ретінде елдегі басты саяси ұйым ретінде үлкен сында Аманат партиясына үлкен жауапкершілік жүгі жүктелетіні анық.

Т. Әлжанов