Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық саясаттанушылар жолдауды талқылады

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1823
Алматылық саясаттанушылар жолдауды талқылады

Мемлекет басшысының кезекті жолдауы қоғамның барлық саласын қамтыды. Әсіресе әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағыттарды айқындап өтті. Осылай деген алматылық саясаттанушылар, Президенттің жолдауына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Қалалық әкімдіктің Қоғамдық даму басқармасымен ұйымдастырылған кездесу Президент жолдауын ортаға салды. Саясаттанушылар мен ғалымдар мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдау білдірді. Сайлау- саяси реформаларды нәтижелі етуге көмектеседі деді.
 
Айдар ӘМІРЕБАЕВ, ҚР БҒМ ҒК ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Саяси модернизацияның ерекшеліктері. Кешегі жолдауды осы жағынан айтатын болсақ, Президенттің мерзімнен тыс сайлауды ұсынғанының жақсы жағы да, кейбір жағдайда қарама-қайшылықтары бар. Оны біз тек қана қолдаумен айналыспай, жан-жақты тиянақты зерттеуіміз қажет

 
Президент жолдауындағы білім саласына қатысты тапсырмалар да сарапшылардың көңілінен шыққан. Олар әсіресе білім беру гранттарына қатысты басымдықты атады.
 
Әділ ЖҮНІСОВ, ҚР БҒМ ҒК ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
 
Кеше Президент балабақша мен жоғары оқу орнындарына қатысты бірқатар жаңашылдықтарды айтты. Мәселен, білім беру гранттары. Жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие беріледі. Бұл мектеп бітіріп, жоғары білім алуға ниетті жандар үшін тиімді.
 
Рүстем ҚАДЫРЖАНОВ, ҚР БҒМ ҒК ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Кеше мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын атап өтті. Демек, үш ауысыммен оқитын білім ордаларының мәселесі шешіледі деген сөз.
 
Қорыта айтқанда саясаттанушылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жаңаруға әкеледі деген сенімде. Елдің демографиялық ахуалы да артатыны сөзсіз деді.

Ә. Лесбек