Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы 800 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

AstanaTV
05.09.2022ж. 20:00
1830
«AMANAT» партиясы 800 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады

Аманаттықтар өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға екі күн ішінде 807 тонна гуманитарлық көмек жинады. Азық- түлік пен киім- кешек тиелген жүк көліктері табиғи өрттен зардап шеккендерге жөнелтіліп жатыр. Бұл туралы «Amanat» партиясының өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Партиялықтар отандастарымызды материалдық қолдауды, Қостанайда төтенше жағдай жарияланысымен дереу қолға алған. Партия  мүшелері зардап шеккендерге кеше 312 тонна, ал бүгін 495 тонна көмек жинады. Сөйтіп екі күнде 807 тонна гуманитарлық жүкті жеткізді. Жылы киім, жеке тазалық құралдары, төсек- орын жабдықтары, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдары да жөнелтілген.  

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ел басына күн туған кезде «Amanat» партиясы елдің партиясы ретінде мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде алғашқы сәттерден бастап жұмыла кірісіп осы гуманитарлық көмек ұйымдастырумен айналысты. Ел азаматтарының барлығы өз аманатын біздің партияның гуманитарлық көмек бекеттеріне табыстап, қазіргі таңда бүгінгі уақытпен алсақ 807 тонна көмек жиылды. Оның 100- 200 тоннаға жуық көмегі қазіргі таңда Қостанайға жеткізілді.

Партияның аймақтық филиалдары жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылып, жұмыс істеп тұр. Оларға жастар қанатының 1200- ден астам еріктісі жұмылдырылды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің бір топ депутаттарымыз қазіргі таңда елді мекенде қызметін жасап жатыр өңірде. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз әрқайсымыз көмек көрсетуге дайынбыз.


Қазіргі таңда «Amanat» партиясының депутаттары зардап шеккен отбасылармен тікелей кездесіп, оларға қолдау көрсетіп жатқандарын айтты. Алғашқы көмек Әулиекөл тұрғындарына жеткен.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:


Біздің партияның орталық аппаратының қызметкерлері, мәжілістегі біздің «Amanat» Фракциясының мүшелері елордадан келген, Ақмола облысынан, Солтүстік Қазақстаннан келген бірнеше  ауыр жүк көліктерін күтіп алдық. Азық- түлік, киім- кешек басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жергілікті Әулиекөл спорт мектебіне орналастырдық. Алдағы уақытта көмекке мұқтаж жандарға сол заттар таратылатын болады.


Партияның орталық аппараты қостанайлық әріптестерімен тікелей байланыс арқылы жағдайды бақылап отыр. «Amanat» - тың Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы барша қазақстандықтарға жерлестерінің алғысын жеткізді.

Бибігүл АҚҚОЖИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Үш күн бойы апат жағдайында Қазақстан республикасының ір облысынан, әр өңірінен бізге хабарласып қандай көмек керек деген біздің әріптестерімізге мың алғыс! Қостанай облысында қазіргі таңда 21 пункт жұмыс жасап жатыр. Ол қайырымдылықты гуманитарлық көмекті қабылдап отыр. Күні- түні жұмысты жасап отыр.

Белсенділер зардап шеккен отбасылардың балаларын мектепке қажетті оқу жабдықтарымен қамтуды жоспарлап отыр. Мұндай көмек жуырда 40 шақты балаға жасалмақ. Айта кетейік, Аманат партиясының Орталық аппараты ұжымы апат салдарынан баспанасыз қалғандарға бір күндік жалақыларын аударды.

А. Қуаш