Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбе облысында Әйтекеби ауданындағы дала өртінің кесірінен жолаушылар пойызы тоқтатылған

AstanaTV
05.09.2022ж. 20:00
1750
Ақтөбе облысында Әйтекеби ауданындағы дала өртінің кесірінен жолаушылар пойызы тоқтатылған

Дала өрті, өзге өңірлерде де тіркелді. Ақтөбенің Әйтеке би ауданында тілсіз жаудан темір жолға қауіп төнгендіктен жолаушылар пойызы  тоқтатылған. Аталған елді-мекенде бірнеше аумақ зардап шеккен. Дейтұрғанмен ауылдар тегіс аман. Жүргенев ауылдық округында екі жүз мың гектар егіндік жер күлге айналған. Өрт сөндірушілер сегіз мың гектардан астам егінді аман алып қалды. Жамбыл ауылдық округы Үйтас стансасында құрғақ шөп жанып, жалын 510 гектар жерді жалмаған.

Асқар ТӨЛЕШОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Есептен шығарылған шпалдар өртенді. Сол себептен 58 пойыз Нұрсұлтан-Орал жолаушылар пойызы үш сағат жиырма минутқа тоқтатылды.

Демалыс күндері бұл аймақта дала өртінің алты жағдайы тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында да кеше орман өртенді. Алтай ауданында 170 гектарға жуық жер отқа оранған. Жалынды ауыздықтауға орманшылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандары жұмылған. Таулы аумақ болғандықтан өртті ауыздықтау оңай болмады дейді өрт сөндірушілер. Дегенмен әуеден су шашу арқылы отты ауыздықтапты.
 

Б. Рақметова