Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қызылжарда жол апатынан екі мұғалім қаза тапты

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1341
Қызылжарда жол апатынан екі мұғалім қаза тапты

Қызылжарда жол апатынан екі мұғалім қаза тапты. Оқыс оқиға   Петропавл-Жезқазған тас жолында болған. Тапа тал түсте Тимиряз ауданынан келе жатқан ауди көлігі негізгі жолдағы “Шакман” жүк көлігінің алдын кесіп өтпекші болып, астына кіріп кеткен. Жеңіл машинаның жүргізушісі мен жолаушысы ауыр жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.  Ал жүк көлігінің иесі дін аман. Жедел  зертханалық сараптама қорытындысы бойынша оның ішімдік ішпегені анықталды.  Қайтыс болған 31 жастағы ер адам аграрлық колледждің, ал оның 41 жастағы апасы сол ауылдағы өнер мектебінің мұғалімі болған.

А. Құрманкин