Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1757
Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы. Қаладағы бекеттер арнайы талонмен ғана сатып жатыр.  Ал тіпті кейбірінде газ атымен жоқ.  Көлік жүргізушілер сұйық отын таппай сенделіп жүр. Өңірдегі жағдайды тілшіміз Бақыт Рахметова жеткізеді.  

Облыста  газ тапшылығы екі айдан бері сезілуде. Алғашқыда газ құю бекеттері  сұйытылған газды тек арнайы талонмен сатса, кейін ол да жоғалды.   

БЛИЦ:

- Вообще жоқ. Осы заправкада бар болды. Басқасында жоқ. По талону дейді. +Көптен бері солай.

- 2-3 ай болды өтірік айтпай-ақ қояйын. По талоном жазылып тұр. Газ бермейді. Қай жерде газ завправка бар.  Соған соғып аламыз іздеп жүріп...

- Бүкіл қаланы айналып келіп тұрмын. Газ жоқ. Нөл. Бүкіл қаланы айналып келіп тұрмын. Былай талон дейді да 60-70 теңгеден беріп жатыр. Қосып цена қосып тұр. 
 

Құзырлылардың айтуынша, газ тапшылығы жергілікті «СНПС Ақтөбе мұнайгаз» зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауытының кезекті жөндеу жұмыстарына тұрумен  байланысты.Сондықтан  қосымша «Қазахойлдан» 700 тонна сұйытылған газ бөлінген. Бірақ оның тең жартысын Энергетика министрлігі Қызылорда облысына берді дейді газ тасымалдаушы компаниялар қауымдастығының басшылығы.

Алтынай МҰХАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ГАЗ ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Казахойл біздің облысқа қосымша 700 тонна сұйытылған газ бөлді. Оның тең жартысы 355  тоннаны  Энергетика министрлігі Қызылорда облысына автотасымалмен беріп отыр. Бұл дұрыс емес.  

Облыстың қыркүйек айына   сұйытылған газ бойынша қажеттілігі -13 мың 500 тонна. Әзіргі соның 10 мың 500 тоннасы ғана бөлінді дейді құзырлылар.    

Ержан МҰЗДЫБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ  ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Айдың басында енді шамалы тапшылық болады. Өйткені себебі зауыттармен келісімшарт жасалу күндері болады. Ал айдың аяғына қарай болуы мүмкін тапшылыққа. Бірақ соны жабу үшін Қосымша тағы 1 мың тонна энергетика министрлігіне өтінім жолдайтын боламыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Ақтөбеде  51 мыңнан астам көлік сұйытылған газбен жүреді.Бұл - өңірдегі көліктің отыз пайызы. Облыстың қажеттілігін  толық өтеу үшін өңірге қосымша  тағы 2 мың тонна сұйытылған газ қажет.  

Б. Рақметова