Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Жолдау 2022: саяси реформалардың жалғасы",-сарапшы

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1112
"Жолдау 2022: саяси реформалардың жалғасы",-сарапшы

Бір реттік жеті жылдық мерзім – демократияландырудың жаңа элементі. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысында айтылды. Жиында сөз алған «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бір реттік президенттік мерзім туралы бастама суперпрезиденттік модельден түпкілікті кетудің жаңа қадамы деді.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Президенттің бір рет қана сайлануы ол өте прогрессивті норма деп түсінеміз. Ол енді суперпрезиденттік жүйеден, модельден бас тартудағы нақты мақсат деп түсінуге болады. Сондықтанда менің жеке  ойымша биылдан бастап конституцияға өзгерістерді енгізіп іске асыру қажет деп есептеймін.


Ал мәжіліс депутаты Ерлан Саиров,  Жолдаудың қоғамда белсенді талқылануы ұлттық тұтастықтың нығаюына ықпал етеді деп санайды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі өзгеріс- ол бір Президент, бір мерзім. Бұл -ең негізгісі. Және екінші бір мәселе бар, үлкен мәселе, ол Президент бұрынғы сияқты заңнан жоғары тұлға болмайды. Керісінше Президент ол саяси институттардың құрамдас бір бөлігі болады.

Б. Сатуов