$514.94 €583.74 ₽6.13
×

Конституциялық Кеңес шешім қабылдады

AstanaTV
14.09.2022ж. 20:00
935
Конституциялық Кеңес шешім қабылдады

Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша шешім қабылдады. Нақтырақ айтсақ, ел астанасының атауын өзгеруі және Президентті 7 жылдық өкілеттік мерзімге сайлау туралы түзетулер енгізу көзделген болатын. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Жолдауда айтылған бастамалар сайлау өткенге дейін күшіне енсін деген ұсыныс тастаған еді. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес  «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы Конституцияда белгіленген талаптарға толықтай сәйкес екенін айтып, негізгі Заңның 2-бабына түзетулер енгізуді көздейтіндерін жеткізді.

А. Задабек