«Әділ сайлау-2022». Осындай атаумен бас қалада Президенттік сайлауға бақылаушы ретінде қатысатын жас адвокаттар мен заңгерлер альянсы құрылды. 20 адамнан тұратын құрам, алда өтетін сайлаудағы жалпы тәртіпті және дауыс берудің әділ болуын жіті қадағалайды. Дауыс берушілер қандай да бір заң бұзушылықты байқаса, әлеуметтік желі арқылы адвокаттармен байланыса алады. Мақсат - сайлаудың әділ өтуіне септесу дейді.
Ерлан МӘКЕНҰЛЫ, АДВОКАТ:
Біз Жаңа Қазақстанды құру жолындамыз. Біз тәуелсіз бақылаушы болып атсалысу мақсатында бұрын тарихта болмаған қозғалыс құрайық деп шештік. Адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығы тәуелсіз бақылаушы ретінде құрылдық. Біз сайлаудың заңды өтуіне өз септігімізді тигізгіміз келеді. Бұл- тарихымызда бірінші рет.
Қ. Мерей