Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 16 мыңнан астам жәбірленушінің шығынын өтейді

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
1139
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 16 мыңнан астам жәбірленушінің шығынын өтейді

Аты –шулы қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 16 мыңнан астам жәбірленушінің шығынын өтейді. Алайда, алданғандардың  35-і бұл күнге жете алмай, көз жұмған. Жалпы шығынның көлемі 30 миллиард теңгеден асады. Көптеген жәбірленуші қаржы ұйымына миллиондаған ақшадан бөлек пәтерлерін, қымбат көліктерін тапсырған. Енді осы жәбірленушілердің шығынын қылмыстық іс бойынша жазаға кесілгендер өтейтін болады.

Әсем АХМЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

16 301 жәбірленушінің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. 35 жәбірленушінің талап арыздары қайтыс болуларына байланысты және 99 талап арыз жәбірленушілердің өтініштері бойынша қараусыз қалдырылды.

Еске салайық, бір айға жуық уақыт бұрын Ақтөбеде төрт бірдей қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім кесілді. Қылмыстық іс бойынша 48 адам жазаланды. Оларға жеті жылдан 18 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Б. Рақметова