Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мемлекеттік қызметкерлер бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінді

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
1834
Мемлекеттік қызметкерлер бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінді
Қарағандыда  мемлекеттік қызметкерлер бюджет қаржысын жымқыруы мүмкін деген күдікке ілінді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 1 жарым млн теңгені «мүгедектерді емдету үшін» деп алып, жекеменшік серіктестікке негізсіз төлеген. Алайда науқастардың шын мәнінде ешқандай шипажайға бармағаны анықталды. Мұндай ақпаратпен облыстық экономикалық тергеу департаменті бөлісті.  Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің «қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан- таражға салу» бабымен іс қозғалған. Тергеу аясында әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аталған серіктестікпен 500 млн теңгеге жуық қаражатқа мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды. Ал серіктестік наурыз айынан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық- курорттық емдеу, сауықтыру демалысын қамтамасыз етуі тиіс болған. Нақты қанша адамның айыпталып жатқаны әзір белгісіз. Екі мекеме өкілдері де тергеліп, құжаттар тексерілуде.

Зарина ҚҰСМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен мүгедектердің шипажайға баруы туралы жалған фактілер анықталды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бір жарым млн теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

А. Қуаш