Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Астана Арена" алаңында "Астана" және "Аполлония" клубтарының жастар құрамалары кездесті

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
1015
"Астана Арена" алаңында "Астана" және "Аполлония" клубтарының жастар құрамалары кездесті

"Астана Арена" алаңында "Астана" және "Аполлония" футбол клубтарының жастар құрамалары  кездесу өткізді.Нәтижесі 1:1. Ойында "Аполлония"  футболшылары  есеп ашқанымен, бірінші таймның 46-минутында елордалық команда қарсыластарының қақпасына гол соқты. Жас спортшыларға "AMANAT" партиясы "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері   қолдау көрсетті.  «Жас спортшыларды қолдау маңызды стратегиялық бағыттарымыздың бірі» - дейді олар.   

Мағзұм АРСЛАНБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін 300-400-ге жуық «Жас Рухтастар» болып Астана клубының жас ойыншыларын қолдауға келген болатын. Ең басты мақсатымыз әр санаттағы жастарды қолдау.

Ойынды тамашалауға келгендер көп.  Жанкүйерлердің мотивациялық қолдауы  мен шынайы эмоциясы  жас футболшыларға ерік-жігер ерекше әсер сыйлады.  

БЛИЦ:

- Енді қазіргі эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте керемет ойын болып жатыр. Өте қарқынды өтіп жатыр. Міне болельщиктер де өте көп.

- Матч өте керемет өтіп жатыр. Астана жеңеді деп ойлаймыз.Саған болеть етеміз.

- Эмоция жақсы, күшті болып жатыр. Өте мықты. Астана үшін алға!