Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

18-қыркүйекте "Ұлы дала жорығы" басталады

AstanaTV
16.09.2022ж. 20:00
1943
18-қыркүйекте "Ұлы дала жорығы" басталады

Республикалық "Ұлы дала жорығы" 18-ші қыркүйекте басталады. Тұңғыш рет өтетін ат марафон-бәйгесіне әр өңірден жиналған, жалпы саны 20 команда бақ сынамақ. Олар атпен 1200 шақырым жерді 12 күннің ішінде жүріп өтуі шарт. Шабандоздар Нұр-Сұлтан қаласынан аттанып, 6 аймақты, 28 елді-мекенді басып, түркі руханиятының бесігі - Түркістан қаласына 29-қыркүйекте ат басын тіреуі тиіс. Жорыққа 100 шабандоз аттанады. Әр команданың құрамында 5 адам болады. Соңғы межеге төрт көзі түгел жеткен топ - «Ұлы дала сарбазы» - атағына ие болады. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 65 миллион теңге.

Бақытжан ТҰРЛЫБЕКОВ, «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» АТ МАРАФОН-БӘЙГЕСІНІҢ АВТОРЫ:


Бір команда бес адам, 5 аттан тұрады. 600 км, 600 км-ден кейін ат ауысады. 5 адамның бесеуі толық барса, бұл команда есептелінеді. Кемінде үшеу болу керек. Бес адам барды деген сөз ол – толық қаржыны алады. Мәселен, 30 миллион, 2-орын 20, 3-орын 15 миллион. Ал, егер үш адам баратын болса, онда 18 миллион береміз. Өйткені, бұл жерде командалық стратегия, командалық ұйымшылдық бізге маңызды.

А. Задабек