Ақтөбеде теракт жайында тиісті
органдарға хабарламаған тағы үш адам тұтқындалды. Бұл жайында облыстық соттан
хабарлады. 12 және 14 шілде күндері Ұлттық қауіпсіздік комитеті
департаменті өкілдері 41 мен 53 жас аралығындағы үш адамды ұстаған. Олар қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге
шабуыл жасағандардың қатарында болған. Бірақ соңғы мезетте лаңкестік әрекетке
қатысудан бас тартқан. Енді оларға қатысты "қылмыс жайында хабар
бермегендері" үшін қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап 13 миллион теңге
көлемінде айыппұл төлеуді немесе түзету жұмыстарына жегуді, я болмаса 6 жылға
дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде
осы бап бойынша айыпталған бір адам ұсталған еді.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Ақтөбе қаласының №2 сотының 12
және 14 шілдедегі қаулылары бойынша Гацаев, Кусимов, Сағынтаевқа қатысты
күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініштер
қанағаттандырылып, 2 ай мерзімінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына
санкция берілді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА