Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен

AstanaTV
26.09.2022ж. 20:00
1304
Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен

Қазақстанға келген  ресейліктер саны үш есе артқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша Қазақстан-Ресей шекарасын тәулігіне 9 мыңнан 12 мыңға дейін адам кесіп өткен. Жыл басынан бері елімізге 1 млн 700 мың ресейлік келген.  Миграциялық қызмет комитеті жағдайдың бақылауда екенін хабарлады. Айтуларынша, келгендердің көбі Қазақстанды транзиттік пункт ретінде пайдаланады. Бес күн ішінде еліміздегі әуежайлар арқылы алты мыңға жуық ресейлік азамат  шетелге ұшқан. Олардың дені- Қырғызстан мен Өзбекстанға кеткен.

Аслан АТАЛЫҚОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жаңалықтардан Ресей әуежайларында үлкен сұранысқа байланысты әуе билеттеріне  проблемалар басталғанын көруге болады. Біздің әуе айлағымызды ресейліктердің транзиттік пункт ретінде пайдалану мүмкіндігі иммигранттар легінің басты себептерінің бірі болып отыр. Тек қыркүйектің  соңғы күндерінің өзінде Қазақстаннан 40 мың Ресей азаматы кеткен.  

А. Базарбай