Алматыда
иттер талап өлтірген 3 жасар қыздың ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің
ресми өкілі Салтанат Әзірбек БАҚ өкілдеріне жария етті.
Оның айтуынша, қайғылы
оқиға бүгін «Ақбұлақ» ықшам ауданында тіркелген. 3 жастағы қыз бала жеке
сектордағы үйлердің алаңқайында үлкендердің қарауынсыз қалған. Ойнап жүріп,
үйден бірнеше шақырым ұзап кеткен бүлдіршінге қаңғыбас иттер тап берген.
Аталған іске қаланың ветеринарлық қызметі жұмылдырылды. Маңайды паналаған 10
шақты ит ауланып, құтыру дерті бойынша тексеруге жіберіліпті.
Жұлдыз
Тұрсынова:
Мынаның
бәрі покусано. Терісін жұлып тастаған. Киімі жоқ. Ауылдарына Жаркентке алып
кетті. Балаларымыз кіріп-шығып ойнайды. Бұндай болған емес.
Салтанат
Әзірбек, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:
Бұл
факт Алатау ауданының Ішкі істер басқармасында тіркеліп, сол басқарманың тергеу
бөлімі тергеуге кіріскен болатын. Сот медицина сараптама тағайындалды.
Нәтижесінде тиісті процессуалды шешім қабылданатын болады. Егер үйде болған
адамдардың, отбасы мүшелерінің қандай да бір кінәсі көзделетін болса, оларға да
қатысты процессуалды шешім қабылданады.
Айгүл ЕРМАХАН