Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

AstanaTV
11.10.2022ж. 20:00
922
Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

Президенттікке үміткерлерді ұсыну мерзімі аяқталды. Соңғы сәтте тағы бір кандидат орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды. Ол -46 жастағы Бақыт Жаңабаев. Кандидатты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Бақыт ЖАҢАБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТІККЕ ҮМІТКЕР:

Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын.

Сондай-ақ, Президенттікке үміткер Хайролла Ғабжалилов, Фатима Базикова орталық сайлау комиссиясына бүгін құжат өткізді. Ал Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев бүгін қазақ тілінен емтихан тапсырды. Лингвистикалық комиссия мүшелерінің айтуынша, ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Дегенмен қателіктер болды дейді.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:

Нұржан Бауыржанұлы бірінші, жазба тапсырмада «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша, яғни оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні таңдады. Ал үшінші жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады. Барлық тапсырмалар бойынша Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді. Нұржан Бауыржанұлы бүгін де 7 қате жіберді.

Ә. Дүкембаева