$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент сайлауына ЕҚЫҰ-дан 330 бақылаушы келеді

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
986
Президент сайлауына ЕҚЫҰ-дан 330 бақылаушы келеді

Кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан 300-ден астам өкіл келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды бақылау миссиясының басшысы Уршула Гацектің кездесуінде айтылды. Нұрлан Әбдіров ұйым өкіліне саяси науқанды бақылау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушыдан тұратын делегацияны жіберу туралы шешімі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, миссия мүшелерін сайлау науқанының ерекшеліктерімен таныстырып, кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын айтты.

А. Серік