Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Балдәурен» балаларға арналған ән байқауының жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
2773
«Балдәурен» балаларға арналған ән байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Балдәурен» балаларға арналған ән байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жыл басында жарияланған сайысқа еліміздің барлық аймағынан 60-қа жуық автор қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 109 әннің арасынан Сұлушаш Сұлтанованың «Қуыршағым», Думан Байтілеуовтің «Жау, Жаңбыр!», Ұшқын Жамалбектің «Балапаным» , Бекжігіт Сердәлінің «Әңгелек» және Алтын Маханбетованың «Көкорай көктем» әндері үздік деп танылды. Балаларға арналған әуен қоржыны тағы 5 жаңа туындымен толықты.

Бекжігіт СЕРДӘЛІ, КОМПОЗИТОР:

Бала әніне деген құмарлық елдің ішінде бар. Көптен бері мұндай конкурстар болмаған. Әніміз жеңімпаз болып жатыр, қуанып жатырмыз. Бала үшін ән жазып, баланың қуанышын көру, сол әнді тыңдап, сол әнді айтып жүру біз үшін үлкен бақыт деп ойлаймын.

А. Задабек