Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлауда дауыс беру қолжетімді болады

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
1692
Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлауда дауыс беру қолжетімді болады

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлауда дауыс беру қолжетімді болады. Бұл туралы Орталық Сайлау Комиссия айтты. Олар Президенттік сайлауда мүгедектерді саяси науқанға қатыстыру мақсатында, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Онлайн дауыс беру де қарастырылған. Арнайы пандустар, мониторы бар компьютерлер, қосымша жарықтандыру, онлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігі ұсынылмақ.

Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Орталық сайлау комиссиясы отырыстары трансляциясы мен ақпараттық бейнематериалдары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары» бөлімі жұмыс жасайды.

Ә. Дүкембаева