Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қ. Әбден көпбалалы аналарға және кәсіпкерлерге қолдау жасамақ

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
1298
Қ. Әбден көпбалалы аналарға және кәсіпкерлерге қолдау жасамақ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Алматы облысы жұртшылығымен кездесті. Көпбалалы аналарға және кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Қарақат Әбден алдымен көпбалалы аналармен жүздесті. «Ананың мойнына артылған жүк ауыр. Ал көпбалалы ана болу – нағыз ерлікке татиды», - дейді кандидат.

Жанат ҚАЛЖАНОВА, «АНА СӘУЛЕСІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Қарақат Әбденмен кездестік. Кездесуіміз өте жақсы өтті. Көпбалалы аналар өздеріне керекті сұрақтарын қойды. Сұрақтарына жауаптарын алды.

Бұдан кейін кандидат отбасылық кәсіппен айналысатын шаңырақтың бірінде болды. Тұздыбастаудағы жанұя мүшелері құрт, кілегей, ірімшік секілді оннан астам сүт өнімін жасайды. Үйдің үлкендері тек бір отбасын емес, тағы 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Істің көзін тауып, кәсібін өрістетіп жатқандардың алға қойған жоспары да, ойға алған тірлігі де көп.

Қарақат ӘБДЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Экономикамызды жылжытатын нағыз үлкен дүние осы-отбасылық бизнес. Әр адам, әр отбасы тек мемлекеттен күтіп отырмай, өзі әрекет жасап, істеу керек. Балаларын сол еңбекке үйрету керек деп есептеймін.

Т. Әлжанов