Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ж. Дайрабаев субсидиялау жүйесін өзгертуді ұсынды

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
829
Ж. Дайрабаев субсидиялау жүйесін өзгертуді ұсынды

Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек! Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев осындай бастама көтерді.

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан сайлауға түскен үміткер Ақмола облысы, Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Ұн, макарон өнімдерін өндірумен айналысатын отандық кәсіпорынның бірі Елорданың азық-түлік белдеуіне енген. Алайда астық бағасының күрт өсуі мекеме жұмысын тұралатқан. Фермерлер астықтың тоннасын нарықтағы баға – 180 мың теңгеден саудалады, ал ұн тартушылардың берген бағасы 120 мың теңге. Жигули Дайрабаевтың пікірінше шенеуніктер мәселені шешудің орнына астық экспортына тыйым салып, фермерлер мүддесін аяқасты етуде. Сондықтан «ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек»,- деп санайды.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір мекеме бір ауылды асырай алады. Бірақ біз барған диірменнің хал-ахуалы өкінішке қарай нашар.+Қазіргі таңда астық-бидай қымбаттап жатыр. Өздерінің шығаратын астықтарын өңдеді, жөндеді. Енді тұр.

Р. Бақытжанқызы