$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
2119
Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Қызылжар ауданының Архангелское ауылында болған. 56 жастағы азамат сексеннен асқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Артынша өз өзіне қол салмақшы болыпты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат салдарынан кейуана көз жұмды. Ал баласы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы болып келетін Қызылжар ауданының 1966 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бірінші бөлігі адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды.

А. Құрманкин